Облыс әкімдігінде өңір басшысының орынбасары Нұрлан Кенесовтің төрағалығымен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының алқа отырысы өтті. Жиында 2025 жылғы көлік саласының дамуы мен өзгерістері талқыланып, биылғы жылға қойылған негізгі мақсаттар айқындалды.
Биыл өңірдегі жол инфрақұрылымын дамытуға 20 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылды. Негізгі мақсат - 300 шақырым автожолға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жол сапасын жақсарту. Жалпы саны 81 жоба жүзеге асырылмақ. Айта кету керек, өткен жылы 640 шақырым жолды жөндеуге 29,6 миллиард теңге бөлініп, ауқымды жұмыстар атқарылған болатын.
ЕРДЕН ШОРТЫБАЕВ, СҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов атқарылған жұмыстар мен биылға қойған жоспарлар туралы баяндаманы тыңдап, жауапты мамандарға бірқатар тапсырма берді.
НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жиында өңірдегі республикалық жолдарды жөндеу жұмыстары туралы да айтылды. Қазіргі таңда жолдардың жалпы ұзындығы 1970 шақырымды құрайды. Облыста 26 көпір мен өтпелі жол және 607 су өткізгіш құбыр бар. 2026 жылы 424 шақырым жол жөндеуден өткізілмек.
ЕРЛАН ЖҰМАҒҰЛОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Биыл жобаларды жүзеге асыруға 600-ден астам адам мен 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылмақ. Жол құрылысына қажетті барлық материалдар толығымен отандық өнімдерден қамтамасыз етіледі.