Сафуан Шаймерденов атындағы Қалалық классикалық гимназияда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, драматург, Қазақстанның халық жазушысы Сафуан Шаймерденовті еске алуға арналған кеш өтті. Биыл білім ордасы өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтпек. Тағылымды іс-шара «Ұлт мақтаны – ұлы есім рухына тағзым» деген атаумен ұйымдастырылды.
Әдеби кешке зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Іс-шара барысында гимназия шәкірттері жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, сахналық қойылымдар арқылы қаламгер туындыларының мазмұнын көрерменге әсерлі жеткізді. Кеш әдеби-музыкалық композициялармен өріліп, ұлт руханиятына қосылған мол мұра кеңінен насихатталды.
Жиында жазушының өмір жолы мен шығармашылық еңбегі кеңінен сөз болды. Ұйымдастырушылар мұндай тағылымды іс-шаралар өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
БАҚЫТ АЛДАБЕРГЕНОВА, САФУАН ШАЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ
Рухани кеш – ұлы тұлғаға тағзым ғана емес, жас буынның әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған мазмұнды іс-шара болды.