Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында Халықаралық экскурсия жүргізушілер күніне орай «Үздік экскурсия жүргізуші» республикалық кәсіби байқауы өтті. Облысымызда өткен байқау еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушылардың басын қосты. Атап айтқанда, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Түркістан облысы, Қостанай облысы, Ақтөбе облысы және Теміртау қаласынан үміткерлер қатысты.
Байқауға музейлер мен музей-қорықтардың экскурсия жүргізушілері, туристік ұйымдардың гидтері, тәуелсіз сертификатталған экскурсия жүргізушілер, сондай-ақ мәдениет және туризм саласының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар өздерінің авторлық экскурсиялық жобаларын, туристік маршруттарын, әдістемелік материалдары мен презентацияларын ұсынып, кәсіби тәжірибесін, зерттеушілік көзқарасын және шығармашылық шеберлігін таныстырды.
СӘБИНА ӘМІРОВА, «БОТАЙ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ» РМҚК ҒЫЛЫМИ-ҚОР ЖҰМЫСЫ МЕН ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Мәдениет саласында үш жылдық тәжірибесі бар Маңғыстау облысы өкілі Тайман Талант үшін бұл байқау – бәсекелестік емес, керісінше өзінің туған өлкесін таныстырып, еліміздің басқа аймақтарының мәдениетімен танысуға тамаша мүмкіндік.
СНХ: ТАЙМАН ТАЛАНТ, «АДАЙ АТА – ОТПАН ТАУ» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖЕТЕКШІСІ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
Конкурс қорытындысы бойынша Гран-при иегері – Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейінің экскурсия жүргізушісі Арайлым Құлжабаева атанды. Бірінші орын Қостанай облысы, екінші орын Ақтөбе облысы, ал үшінші орын Қарағанды облысы экскурсия жүргізушілеріне бұйырды.