ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Әсем Рахметова мен Ольга Перепечина Петропавлда кездесулер ұйымдастырды. Сенаторлар Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектептің педагогикалық ұжымымен және «Зерттеу СК» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп ҚР жаңа Конституция жобасын түсіндірді.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектепте жаңа Конституция жобасын түсіндіру жиыны өтті. Кездесуге қатысқан Сенат депутаттары ұстаздарға ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттарын баяндап, олардың мәні мен маңызын түсіндірді.
ОЛЬГА ПЕРЕПЕЧИНА – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Кездесу барысында қатысушылар өз сауалдарын қойып, жаңа Конституцияның негізгі ережелері бойынша нақты жауа ала алды. Іс-шараға «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясының белсенді мүшелері де қатысты. Талқылауда педагог мәртебесін арттыру мәселесі басты тақырыптардың бірі болды.
АЙГҮЛ ҚОЖАБЕКОВА – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №9 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Келесі кездесу құрылыс саласының қызметкерлерімен ұйымдастырылды. Онда инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелері сөз болды.