Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын белсенді талқылауда. Елдің Негізгі заңындағы өзгерістерді өз бетінше зерделеп, өздері үшін маңызды тармақтарды атап өтуде. Олардың қатарында білім беру, цифрлық орта, мемлекеттік тіл, шекараның мызғымастығы мен аумақтық тұтастық мәселелері бар.

Педагогтер үшін адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты тармақ ерекше маңызды. Конституцияда адам ар-намысы мен қадір-қасиеті мемлекеттің басты құндылығы екені нақты көрсетілген. Бұл – қабылданатын заңдар мен шешімдер ең алдымен адамды, оның еркіндігі мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталуы тиіс деген сөз.

ЕВГЕНИЯ САМОЙЛОВА, Явленка №1 орта мектебі директорының орынбасары