Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамасымен және №17 мектеп ұжымының ұйымдастыруымен Достық үйінде Халықаралық ана тілі күніне орай «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті. Бұл мереке жыл сайын 21 ақпанда аталып өтеді. Сайыс тіл мен мәдениет тақырыбына арналды.
Зияткерлік додаға 8 қатысушыдан тұратын «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерінен құралған команда қатысып, түрлі этностардың тілі мен мәдениетіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Әр кезеңде ойыншыларға бір минут уақыт беріліп, білім мен логиканы қатар сынға салды. Сұрақтар ұлттық дәстүр, тарихи деректер және тіл ерекшеліктерін қамтыды.
МАРИЯ ТАТАРЕНКО, №17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ БЕЛОРУС ТІЛІ МҰҒАЛІМІ
Іс-шара барысында оқушылар өз ана тілдерінде өлең оқып, көпэтносты мәдениеттің әсем өрнегін көрсетті. №17 мектеп-кешенінде бүгінде 10 ұлттық бөлім жұмыс істейді. Ал сайыста 9 түрлі, атап айтқанда :қазақ, орыс, неміс, армян, татар, белорус, шешен, поляк және кәріс тілдерінде өлең жолдары шырқалды. Бұл – ортақ шаңырақ астындағы татулық пен достықтың жарқын көрінісі.
СЮЗАННА ЗИРОЯН, ОҚУШЫ
Ана тілі – әр халықтың жаны мен рухани тірегі болса, тіл – мәдениет пен дәстүрді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін маңызды құрал. Ал оны сақтап-қорғау әрбіріміздің міндетіміз.