Наурыз айында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау басталды.
Өтінішті 15 ақпан мен 25 ақпанның аралығында ұлттық тестілеу орталығының сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады. Тестілеу форматы өзгерісіз. Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. Тапсырмалардың жалпы саны – 120. Ең жоғарғы балл 140. Тестілеу 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.