Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады. Ол осы спорттың Отаны Жапонияда үлкен жетістікке жеткен қазақстандық балуан. Былтыр император кубогында «маэгашира» атағын, яғни сумо балуандарының ең жоғары дәрежесін иеленген. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жүлде табандылық пен қажырлы еңбектің жемісі екенін айтып, ізгі тілегін білдірді. Кездесу соңында Президент спорт саласындағы елеулі еңбегі үшін Ерсін Балтағұлды 2- дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.