Жылу энергия орталықтары жаңғырту биыл да жалғасады. ((КСМ)) Бүгінде 10 энергия блок, 63 қазандық және 39 турбина жөнделген. Саланы қаржыландыру көлемі де артқан. Нәтижесінде елде 17 мың 273 мегаватт электр энергиясы өндірілді. Бұл –рекордтық көрсеткіш,-дейді салаға жауаптылар. Екібастұз, Кентау, Риддер, Өскемен және Жезқазған өңірлеріндегі станциялар «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа ауыстырылды, ал кейбірі «жасыл» деңгейге өтті. Бұл жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыру жоспары бар.
СҰҢҒАТ ЕСІМХАНОВ - ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ