М. Қозыбаев атындағы СҚ университетінде «Әділетті Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты - Конституцияның жаңа жобасында қарастырылған өзгерістерді түсіндіру және олардың жастар өміріне қалай әсер ететінін жеткізу.

Кездесу барысында оқу орнына практикалық денсаулық сақтау саласының спикерлерін шақырылды. Олар жастарды толғандыратын негізгі мәселелерді, сондай-ақ болашақ медицина саласына қатысты маңызды тұстарды жан-жақты түсіндірді.

БАХТИЯР СЕРІК, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Спикерлер Конституция жобасындағы жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған баптардың маңызын атап өтті. Медицина факультетінің студенттері үшін бұл өзгерістер елдегі әділетті және ашық жүйе қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам екені айтылды.

САҒЫНДЫК АҚБАЕВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ

Айта кетейік, 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өткізіліп, азаматтар өз таңдауын жасайды. Жаңа жоба преамбуладан, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.