Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында адам құқықтары, азаматтардың денсаулығы және әлеуметтік әл-ауқаты негізгі басымдықтар ретінде айқындалған. Құжат отбасыны қолдау мен ғылымды дамыту, цифрлық құқықтарды қорғау және прогресті ынталандыруға дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамтиды. Кіріспеде бірлік, ынтымақ және ұлтаралық келісім мемлекеттіліктің негізі ретінде атап өтілген.
Дәстүрлі құндылықтарға ерекше назар аударылған. Мәтінде неке — ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы екені бекітілген. Дін мен мемлекет арақатынасы нақты ажыратылып, білім берудің зайырлы сипаты расталған. Астана және Алатау Сити сынды болашақ қалалар тұжырымдамасына да маңызды орын берілген — олар жаңғыру мен елдің тұрақты дамуының символы ретінде қарастырылады.
СНХ: КАРИНА НЕКЛЮДОВА – ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ