Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып жаңа Конституция жобасында азаматтардың цифрлық құқықтарын бекітуде. Есіл ауданындағы Корнеевка ауылында 5 жылдан астам уақыт бойы орта мектеп базасында цифрлық технологиялар дамытылып келеді. Оқушылар бағдарламалау және робототехника бағытында дайындаған жобаларын облыстық және республикалық деңгейде сәтті қорғап, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Корнеевка ауылындағы IT-орталықта ауыл жастары өз ұстаздарының жетекшілігімен жеке жобалары мен әзірлемелерін жүзеге асырып, IT пәндері мен робототехника бойынша облыстық және республикалық жарыстарға қатысуда.
СНХ: КОНСТАНТИН КОЛЫВАНОВ, «САНКТ-ЛОРЕНЦ» КОРНЕЕВКА ОРТА МЕКТЕБІ IT-ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Жас өнертапқыштар заманауи технологияларға ерекше қызығушылық танытып отыр. Оқушылар өздері жасаған жобалары туралы зор ықыласпен әңгімеледі. Айталық, Виолетта нейрожелілердің көмегімен өз жобасын әзірлеген. Бұл робот қозғалысқа әрекет етеді.
СНХ: ВИОЛЕТТА ШАРИКОВА, ОҚУШЫ
Қазақстан өз Конституциясында алғаш рет ғылым, білім, мәдениет және инновацияның басымдығын айқындап отыр. Константин Колывановтың айтуынша, елімізде азамттар ашық, әділ және өркениетті бәсекеге дайын.
СНХ: КОНСТАНТИН КОЛЫВАНОВ, «САНКТ-ЛОРЕНЦ» КОРНЕЕВКА ОРТА МЕКТЕБІ IT-ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Цифрлық құқықтарға кепілдік беру – болашаққа жасалған батыл қадам. Аудан мұғалімдері мен ғылыми қауымдастығы референдум өткізуді ел үшін маңызды оқиға деп санайтындарын айтып және оған міндетті түрде қатысатындарын жеткізді.