Қазақстанның жаңа Конституция жобасы елдің дамуын білім, ғылым, мәдениет пен инновацияға негіздеуді мақсат етеді. Мемлекет азаматтардың білімі мен интеллектуалды қабілеттерін дамытуға басымдық береді.


Құжатта алғаш рет Қазақстанның дамуы мен бәсекеге қабілеттілігі азаматтардың білімі, ғылыми жетістіктері және шығармашылығына байланысты екені көрсетіледі. Сонымен бірге, Конституция білім, ғылым және мәдениеттің ел дамуы үшін маңызды екенін нақтылап, ғылыми және шығармашылық қызметтің еркіндігін қорғайды, интеллектуалды меншік құқықтарын күшейтеді және инновация мен шығармашылық индустриялардың өсуіне жағдай жасайды.


СНХ: АЙГҮЛ НҮРПЕЙІСОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ-ДІҢ БАСҚАРМА МҮШЕСІ