Қазақстан Ыстықкөлдегі жерді 49 жылға жалға алды. Бүгін Сенаторлар осы келісімді ратификациялады. Жердің жалпы аумағы 60 гектарға жуықтайды. Бұл учаскелерде төрт нысан бар. Бір шипажай, екі демалыс үйі және спорт-сауықтыру базасы орналасқан. Яғни, «Қазақстан» санаторийі, «Самал» демалыс үйі, «Университет» спорттық-сауықтыру лагері және «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы Қазақстанның меншігінде болады. Ратификацияланған құжат осы меншік құқығын реттеуге және айқындауға бағытталған. Аталған заң аясында Ыстықкөл жағасындағы қазақстандық нысандардың болашағы айқындалды. Бұл – инвестиция, инфрақұрылым және туризмді дамытуға арналған ұзақмерзімді жоспар. Сондай-ақ, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында сенаторлар Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 наурызда өтетін жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумды қолдайтындарын білдірді.
ТАҚЫРЫП: МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМ ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІН АЙҚЫНДАЙДЫ
СНХ: МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ