«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыс прокуратурасы Төтенше жағдайлар департаментімен, полиция департаменті және білім бөлімімен бірлесіп кәмелетке толмағандарға арналған «Құтқарушының бір күні» атты профилактикалық акциясын өткізді. Оқушылар үшін өрт сөндіру бөлімдері мен полиция бөлімшелеріне экскурсиялар ұйымдастырылды.
Жуырда Петропавлдың «Береке» шағын ауданында жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ашылған болатын. Алтынбек Абдрахманов атындағы нөмірі 5-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне бүгін Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары келіп экскурсия жасады. Нысан заманауи техникалық талаптар мен қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келеді.
СНХ: РАХАТ САБЫРОВ, Ә.БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ № 25 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ
СНХ: СҰЛТАН ИБРАҺИМ, Ә.БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ № 25 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ
Аталған іс-шара Солтүстік Қазақстан облысының қала және аудан орталықтарында орналасқан өрт сөндіру бөлімдері мен полиция ғимараттары базасында өтіп жатыр. Балалар мен жасөспірімдер өрт сөндіру бөлімдеріне және полиция бөлімшелеріне барып, құтқарушылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күнделікті жұмысы, сондай-ақ олардың қызметтегі ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алды.
СНХ: РАУАН ТУҒАНБАЙ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ
Айта кетейік, Депо құрамында алты пәтерлі тұрғын үй бар, бұл қызметкерлерді жұмыс орнына жақын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаттығулар өткізуге және тактикалық дағдыларды пысықтауға арналған оқу мұнарасы салынған.