Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Күн тәртібінде 2025 жылғы білім беру жүйесінің даму қорытындылары қаралып, 2026 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалды. Алқа отырысының басты мақсаты – өңірдің білім беру саласындағы бір жылдық жұмысына кешенді талдау жасап, қол жеткізілген нәтижелерді саралау, өзекті мәселелерді анықтау және алдағы кезеңге басым бағыттарды белгілеу.


 Жиынға алқа мүшелері, ардагерлер кеңесінің өкілдері, басшылар кеңесі, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің жетекшілері, облыстық білім беру ұйымдарының директорлары қатысты. Отырыс барысында білім сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, педагогтердің кәсіби әлеуетін күшейту және мемлекеттік білім беру саясатын тиімді іске асыру мәселелері талқыланды.


СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Облыста бүгінде 444 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Онда 15 мыңға жуық бала тәрбиеленуде. 2025 жылы Петропавлда ваучерлік қаржыландыру енгізіліп, 7 мыңға жуық ваучер берілді және нақты қатысу есебінен 630 млн теңге үнемделген. Сонымен қатар, былтыр 355 жаңа білім мекемесі ашылып, 280 орындық балабақша мен 50 орындық шағын орталық пайдалануға берілді.


СНХ: АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Қазіргі уақытта «Назарбаев Зияткерлік мектептері» еліміздің барлық өңірінде 193 ауылдық тірек мектепке әдістемелік қолдау көрсетіп келеді. Оның 13-і Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Аталған білім беру ұйымдары заманауи оқу құралдарымен және жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мамандар бұл мектептерде білім сапасына талдау жүргізіп, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған арнайы бағдарламаларды жүзеге асыруда.


СНХ: ӘНУАР ЖАНҒОЗИН, НЗМ ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ


Жалпы, бүгінгі таңда елімізде 18 мыңнан астам оқушы мемлекеттік тілде білім алады. Бұл жалпы оқушылар санының 25%-ын құрап, ана тілінде оқитын қазақ балаларының 56,7%-ын қамтиды.