Жалпы Конституциялық комиссияға жаңа Ата заңның жобасы бойынша 10 мыңнан астам өтініш түсті. Бұл туралы комиссияның XII отырысында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова айтты. Бұл – комиссия мүшелерінің, азаматтардың, қоғам өкілдерінің, сарапшылар қауымдастығының, бизнес құрылымдарының және өзге де мүдделі тараптардың ұсыныстары. Келіп түскен пікірлер жүйеленіп, тақырыптық бағыттар бойынша топтастырылды.


СНХ: ЭЛЬВИРА ӘЗІМОВА – ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ


ТАҚЫРЫП: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУ ҰСЫНЫЛДЫ


Осымен бірнеше аптаға созылған Конституциялық комиссия отырысы аяқталды. Құрамына 130 адам кірген комиссия белсенді азаматтар мен сарапшылардан келіп түскен 10 мыңнан астам ұсынысты терең талдап, зерделеп, Ата заңның жаңа жобасына бүгінге дейін қосымша нормалар бекітті. 12 отырыс, одан бөлек секциялық топтардың, БАҚ өкілдері, заңгерлер мен лингвистер, филологтар мен саясаттанушылардың сүзгісінен өткен маңызды құжатты референдумға шығару ұсынылды. Айта кету керек, Конституцияның жаңа жобасы 11 бөлім, 95 баптан тұрады. Мәтіннің 84 пайызы жаңарған. Құжат тұңғыш рет мемлекеттік тілде қайта жазылды.


СНХ: СЕРІК ЕГІЗБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ