Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халық партиясының өкілдері электротехникалық зауыт жұмысшыларымен кездесті. Жиын барысында жаңа Конституция жобасы талқыланып, оның негізгі басымдықтары айтылды. Қатысушылар құжатта адам капиталына, білім мен ғылымға ерекше мән берілгенін атап өтті. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасынынең кіріспе бөлімі мен негізгі қағидалары жан-жақты талқыланды. Белсенділер мемлекеттің стратегиялық бағыты білім, ғылым, мәдениет пен инновацияға негізделуі тиіс екенін атап өтті. Жұмысшылар өз ой-пікірлерін ашық айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Мұндай кездесулер еңбек ұжымдарының пікірін ескеруге мүмкіндік береді.
БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ҚБ СҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Реформаның басты мақсаты – билік өкілеттіктерін әділ бөлу, өкілді органдардың жұмысын жаңарту және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту. Бұл өзгерістерде адамның мүддесі бірінші орынға қойылады, яғни мемлекет өз саясатын халықтың игілігі үшін жүргізуге бағыттайды.
ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ҚБ СҚОФ МҮШЕСІ
Жаңа Конституцияға қатысты соңғы шешімді еліміздегі әрбір азамат жалпыұлттық референдумда қабылдайды.