С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жазушы Мұратбек Оспановтың «Сана» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани кешке мәдениет басқармасының өкілдері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, мектеп оқушылары мен жазушының жақындары қатысты.
Мұратбек Оспанов 1948 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Жаңа Тұрмыс ауылында дүниеге келген. 1972 жылдан бері Теміртау қаласында тұрады. Мамандығы — инженер-металлург. Ол металлургия комбинатында отыз жылға жуық еңбек етіп, бүгінде зейнет демалысында.
МҰРАТБЕК ОСПАНОВ, ЖАЗУШЫ
Жазушының алғашқы «Сырнай сазы» атты әңгімесі Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде жарияланған. Кейіннен «Көлеңкедегі көшет» хикаясын жазып, оқырманға таныла түсті. Ал «Сана» кітабының жарыққа шығуына бұрын комбинатта бірге қызмет еткен, Теміртау қаласының белгілі кәсіпкері, адал досы Игорь Габьев қолдау көрсеткен. Сондай-ақ, Мұратбек Оспанов пен Жарасбай Қабдоллаұлы бір-бірін 60 жылдан бері таниды. Олар бірге оқып, өмір бойы достықтарын сақтап келеді.
ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ
392 беттен тұратын бұл жинаққа қаламгердің хикаялары, эсселері мен әңгімелері енген. Кеш барысында қатысушылар автордың шығармашылығы жайлы пікір білдіріп, жаңа кітаптың оқырманға берері мол екенін атап өтті.