Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын жариялады. Онда барлық бөлімдерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты қарастырылған. 77 бапқа түзету енгізіліп, бұл қолданыстағы негізгі заң мәтінінің 84% құрады. Бүгінде жаңартылған құжат жалпыұлттық талқылауға ұсынылды.
Жаңа Конституция - еліміздің тәуелсіздігінің нышаны ғана емес, мемлекет пен қоғам, сондай-ақ келешек ұрпақ алдындағы ұзақ мерзімді жауапкершіліктің маңызды тетігіне айналмақ.
ОЛЬГА НАДОБЕНКО. ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВ ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
АЛТЫНБЕК АУСАҒИТОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР АРЛАНДАРЫ» ҚАЗАҚ КҮРЕСІ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдықтары ретінде айқындалған. «Заң және тәртіп», сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау қағидаттары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілмек.
ИРИНА ПЮРКО «БАРС» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Бірнеше онжылдықтар бойы тиімді болып келген нормалар бүгінде жаңаша қарауды, нақтылануды қажет етуі мүмкін. Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша түпкілікті шешімді халық жалпыұлттық референдум барысында қабылдайтын болады.