Петропавл қаласы әкімдігінде Конституциялық реформа мәселесіне арналған қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында кеңес мүшелері Конституцияға енгізілген негізгі өзгерістерді талқылап, олардың қоғам өміріндегі маңызына тоқталды.

Қоғамдық кеңес мүшелері бұл реформаның демократияны нығайтуға, Парламенттің жұмысын күшейтуге және халықтың маңызды шешімдер қабылдауға көбірек қатысуына мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ, билік органдарының ел алдында жауапкершілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді.

ШАМИЛЬ ШАКИРОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ

Талқылау кезінде Қоғамдық кеңестердің халық пен билік арасындағы байланысты сақтауда маңызды рөл атқаратындығы айтылды. Осындай кездесулер арқылы реформаларды іске асыру кезінде тұрғындардың пікірін ескеруге болады.

АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «БОЛАШАҚ» ФИЛИАЛЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Отырыстың қорытындысында қатысушылар Конституциялық реформа елдің тұрақты дамуы үшін негіз болатынын және мемлекеттік басқарудың ашық әрі халыққа есеп беретін жүйесін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.