Қазақстан Республикасының Президенті жолдауында жасанды интеллектті дамыту – ел дамуының стратегиялық басымдықтарының бірі екенін атап өтіп, бүгінгі кезеңді жасанды интеллектті барлық салада, соның ішінде білім беру жүйесінде нақты енгізу және тиімді қолдану кезеңі ретінде айқындады. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысында білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне арналған конференция өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру саласына жасанды интеллект технологияларын енгізудің стратегиялық тәсілдерін талқылау, озық тәжірибелермен алмасу және кәсіби диалогқа арналған тиімді алаң қалыптастыру. Жиынға облыс әкімініңі орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысты.
Конференция аясында цифрлық трансформацияның өзекті бағыттары, жасанды интеллектті оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың мүмкіндіктері мен перспективалары қарастырылып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған заманауи шешімдер ұсынылды.
АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА – СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жиынға Белорусия, Рейсей Федерациясынан және еліміздің түкпір-түкпірінен келген провайдерлер қатысты. Қатысушылар білім беру саласындағы инновациялық тәжірибелермен бөлісіп, болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын айқындады.
САНЖАР КЕНЖЕХАН – EDATA.KZ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Іс-шараға 500-ге жуық педагог қатысты. Күн тәртібінде практикалық семинарлар жоспарланған.