30-дан астам коммерциялық құжат. 200 миллион долларға келісім. Исламабадта өткен Қазақстан – Пәкістан бизнес форумында тараптар қаржы, логистика, өнеркәсіп, энергетика және тағы басқа салалар бойынша әріптестікті кеңейтуге уағдаласты. Енді Қазақстан банктері Оңтүстік Азия нарығына кірмек. Бұл бизнес арасындағы төлемді жеңілдетеді. Сонымен қатар ортақ инвестициялық алаң құрылып, бірлескен жобаларға қаржы құйылады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Келісімдердің басым бөлігі инвестиция тарту мен қаржылық ынтымақтастықты дамытуға бағытталды. «Самұрық-Қазына» мен Fauji компаниялар тобы ортақ инвестициялық платформа құруға уағдаласты. Бұл алаң екі ел аумағында бірлескен жобаларды іріктеп, іске асыруға мүмкіндік береді. Ал «Бәйтерек» холдингі жергілікті Habib Bank Limited-пен серіктестігін кеңейтті. Сондай-ақ көлік-логистика саласында Пәкістан компаниясымен ынтымақтастық басталды. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Пәкістанның географиялық орны стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Президент пәкістандық инвесторлардың агросекторға қаржы салу ниетін қолдайтынын айтты. Жетісу облысында Almoiz Group-тың қатысуымен қант қызылшасын өңдейтін зауыт ашу туралы келісім жасалды. Сонымен қатар қант өндірісі мен құрылыс материалдарын шығару жобаларына жалпы 40 млн доллар инвестиция тарту көзделіп отыр. Бұдан бөлек, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект саласында, сондай-ақ төлем сервистерін интеграциялау бағытында келісімдер жасалды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Форумнан кейін Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен кездесті. Тараптар екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, ұзақ мерзімді қарым-қатынасты кеңейтудің жаңа бағыттарын белгіледі.
Сапар қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – Nishan-e-Pakistan ордені табысталды. Мемлекет басшысы Астана мен Исламабад арасындағы қарым-қатынасты жаңа стратегиялық деңгейге көтеру туралы бірлескен декларация бауырластық байланыстарды айқындайтынын айтты. Сондай-ақ құжат екі елдің барлық бағытта ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін көрсететінін атап өтті.