С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ақын, жазушы, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жырдың жарық жұлдызы» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Рухани жиынға зиялы қауым өкілдері, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері, мектеп оқушылары және 6637 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.
Кеш шымылдығы Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнімен ашылды. Сондай-ақ, іс-шара аясында «Дарынды ақын» атты көрме ұйымдастырылып, ақынның өмірі мен шығармашылығы жас ұрпаққа кеңінен таныстырылды.
ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ
Поэзия кешінде ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері мен рухани мәнін айшықтайтын мазмұнды баяндама оқылды. Сонымен қатар, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Аманжол Зағыпарұлы Мұқағали Мақатаевқа арнаған өлеңін оқыды.
АМАНЖОЛ ЗАҒЫПАРҰЛЫ, АҚЫН, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Іс-шара барысында оқушылар да белсенділік танытып, ақынның сөзіне жазылған әндерін шырқап, біртуар тұлғаның туған жер, махаббат және достық тақырыптарында жазған өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
СҰЛТАН ЖАРҚЫНҰЛЫ, ОҚУШЫ
Осылайша, қазақ поэзиясының заңғар тұлғасына арналған тағылымды кеш қатысушыларға рухани әсер сыйлап, ақын мұрасының мәңгілік құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді