Солтүстікқазақстандықтар Қазақстанның жаңартылған Конституция жобасын талқылауда. Конституция жобасындағы негізгі өзгерістердің бірі — жаңа бір палаталы Парламент, яғни Құрылтай құру. Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституция жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Негізгі заңды қабылдау туралы соңғы шешім халыққа тиесілі.
Сессиялардың өту тәртібі, заңдарды қабылдау және Парламент төрағасының мәртебесін реттейтін нормалар жаңартылды. Сонымен қатар, негізгі заң жобасында Вице-Президент институтын құру қарастырылған.
РУСТАМ ЖҮСІПБЕКОВ, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ
Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр және конституциялық өзгерістер - қазіргі қоғамның талаптарына берілген логикалық жауап. Жаңартылған негізгі заң жобасы кәсіби және өкілді форматта әзірленді.
ДАМИР ӘБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Азаматтардың құқықтарына, цифрлық ортаға, білім берудің зайырлы сипатына және дәстүрлі құндылықтарды қорғауға ерекше назар аударылған. Жоба алдағы уақытта әлі талқыланады, ал соңғы шешімді ел азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайды.