Kozybayev University ұжымы Аризона университетінде бір семестр оқып келген студенттерді салтанатты түрде қарсы алды. Студенттер АҚШ-та білім алу барысында жинаған тәжірибелерімен бөлісіп, бұл бағдарламаның арқасында ашқан жаңа мүмкіндіктері жайлы әңгімеледі. Биыл университет осы бағдарламалар бойынша алғашқы түлектерін шығаруды жоспарлап отыр.
Kozybayev университетінің Аризона университетімен бірлескен қосдипломды бағдарламалар бойынша білім алып жүрген студенттер АҚШ-тың Тусон қаласында жетінші семестрін тәмамдады. Болашақ биотехнолог Камилла Мұратаеваның айтуынша, бұл тәжірибе тек кәсіби дағдыларын дамытуға және заманауи білім беру технологияларын меңгеруге ғана емес, сонымен қатар, әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдармен танысуға мүмкіндік берді.
КАМИЛЛА МҰРАТАЕВА – СТУДЕНТ
Бұл – Аризона университетінде қосдипломды бағдарламалар бойынша білім алушылардың алғашқы легі. 29 студент биотехнология және IT мамандықтары бойынша білім алды. Айта кетейік, аталған серіктестік 2022 жылдан бастау алған болатын.
ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ – KOZYBAYEV UNIVERSITY БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР
Биыл америкалық жоғары оқу орнымен ынтымақтастық аясында алғашқы түлектерді шығару жоспарлан. Олардың ішінде қосдипломды бағдарламалар бойынша білім алған 31 студент және бірлескен білім беру бағдарламаларында оқыған шамамен 100 студент бар.