Петропавлда жазушы Жан Ақжановтың қатысуымен брифинг өтті. Кездесудің мақсаты – қаламгердің шығармаларында көтерілген өзекті мәселелерді талқылап, кітаптарының идеялық мазмұнымен танысу. 

Қаламгердің бүгінге дейін әлеуметтік тақырыпта тоғыз кітабы жарық көрген. Сонымен қатар жазушы Мемлекеттік қызметшілердің күнделікті өмірі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында да қалам тербейді. Оның айтуынша, шығармаларындағы оқиғалар мен кейіпкерлер ойдан шығарылғанымен, мұндай бейнелер шынайы өмірде де кездесіп жатады.

ЖАН АҚЖАНОВ, ЖАЗУШЫ

Қазіргі таңда жазушы шығармашылығында «Жібек» туындысына ерекше басымдық беріліп отыр. Бұл шығарма да адам тағдыры мен өмірлік мәселелерге негізделіп жазылуда.

ЖАН АҚЖАНОВ, ЖАЗУШЫ

Брифинг барысында жазушы бүгінгі қоғам үшін маңызды саналатын мәдениет, білім және ақпаратты дамыту мәселелеріне тоқталып, қазір ҚР Еңбек министрлігі туралы жаңа кітап жазылып жатқанын атап өтті. Тағы бір айтып өтерлігі жуырда солтүстікқазақстандық оқырмандарға қаламгер өзінің «Семья пожарного» атты жаңа кітабын таныстырған болатын. Мұнда ол ерлігімен ел есінде қалған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жанұясы туралы жазған.