Заң шығарушы билік тармағын жүйелі түрде қайта форматтау қажет. Президент Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысында айтты. Жиында Парламентті трансформациялауға қатысты негізгі тәсілдер талқыланды. Мемлекет басшысы конституциялық реформаны талқылау басталғалы бері жарты жылға жуық уақыт өткенін еске салды. Сондай-ақ қыркүйек айындағы халыққа арнаған Жолдауынан кейін өрбіген қоғамдық пікірталастарды мұқият қадағалап отырғанын да жеткізді. Мемлекет басшысы талқылау нәтижесін, сараптама қорытындыларын, ұсынылған түзетулердің жобаларын, сондай-ақ конституциялық реформаға қатысты азаматтардың ұсыныстарын егжей-тегжейлі зерделеуде. Саяси жүйені одан әрі реформалаудың маңызы мен мазмұнына тоқталған Президент институционалдық негізді терең жаңғырту және заң шығарушы билік тармағын жүйелі түрде қайта форматтау қажет екенін айтты.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Президент салмақты ой-пікір айтқан барлық белсенді азаматтар мен сарапшыларға алғысын жеткізіп, бұл мәселе бойынша нақты пікірін ертең Ұлттық құрылтай отырысында айтамын, - деді. Тоқтала кететін жайт былтырғы қазан айынан бері өтіп келе жатқан жұмыс тобының отырыстарында жаңа Парламентке қатысты мәселелердің бәрі қаралды. Оның ішінде депутаттар саны, өкілеттік мерзімдері, сайлау тәртібі, бір палаталы Парламенттің заң шығару тетіктері, сондай-ақ оның биліктің өзге институттарымен өзара іс-қимыл мәселелері қамтылған.
СНХ: ЕРЛАН ҚАРИН – ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ