Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер республикалық маңызы бар автожолда жаңа жылдамдық өлшейтін жүйені іске қосты.
Солтүстік Қазақстан облысында жылдамдық режимін бұзуды тіркейтін жаңа аппараттық-бағдарламалық кешен іске қосылды. Бұл — өңірде автокөліктердің орташа жылдамдығын автоматты түрде есептейтін алғашқы жүйе. Енді жүргізушілер камера көрінетін аумақта ғана жылдамдықты төмендетіп, техниканы «алдау» мүмкіндігінен айырылады.
СНХ: Марат Жұмалиев — СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары
Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл — облыстағы ең көп жол апаты тіркелген қауіпті жол учаскелерінің бірі. Алдағы уақытта аталмыш тас жолын осындай техникамен қамту аумағын кеңейту жоспарланып отыр. 2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысының республикалық маңызы бар автожолдарында 117 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 26 адам қаза тауып, 200 адам жарақат алған. Өңір аумағындағы жол-көлік оқиғаларынан болатын әрбір екінші өлім дерегі республикалық тас жолында орын алады.
СНХ: Марат Жұмалиев — СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары
Жылдамдық режимін бұзу — жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі. Жаңа жылдамдық өлшегіштің орнатылуы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басталуымен тұспа-тұс келді. Солтүстік Қазақстанда полиция қызметкерлері жүргізушілердің тәртібін арттыру бағытында, соның ішінде озық цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.