Негізгі Жаңалықтар Қызылжар ауданында жасөспірімдер қылмысы тіркелмеген

Қызылжар ауданында жасөспірімдер қылмысы тіркелмеген

Қызылжар ауданына қарасты Петерфельд ауылындағы Абай атындағы орта мектепте 9–11 сынып оқушыларына прокурорлар мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды. Кездесу республикалық «Заң және тәртіп» идеологиялық жобасы аясында өткізіліп, оның барысында оқушыларға мектепте балағаттау, қорқытып ақша талап ету, яғни буллинг пен бопсалау әрекеттері үшін заңда көзделген жауапкершілік жан-жақты түсіндірілді.

Мамандар жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заңды сақтау және бір-біріне құрметпен қараудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Мұндай профилактикалық кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз әрі тәртіпті білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

СНХ: ДИНА СЫЗДЫҚОВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, кәмелетке толмағандармен профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

СНХ: АЛТЫНБЕК ҚАНАФИН, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ

Айталық, мамандардың айтуынша өткен жылы Қызылжар ауданы бойынша жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық деректері тіркелгенмеген.


Бөлісу