Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру үшін заманауи цифрлық шешімдер кеңінен қолданылып келеді.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінде цифрландыру қарқынды жүріп жатыр. Қоғамдық орындардағы бейнебақылау жүйелері жаңартылып, жасанды интеллект арқылы жұмыс істейтін камералар орнатылған. Бұл құрылғылар нөмірлік белгілерді, бет-әлпетті тануға және күдікті әрекеттерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

СНХ: МЕРГЕН БАЙМАНОВ, СҚО ПД АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС БАСҚАРМАСЫ КОМПЬЮТЕРЛЕНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында өңірде «SOS» түймелері орнатылуда. Бұл құрылғылар құқық бұзушылық қаупі жоғары орындарға — саябақтар, скверлер, алаңдар, ойын-сауық нысандары мен адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға қойылған. Қазіргі таңда Петропавл қаласындағы 4 мектеп «SOS» түймелерімен жабдықталған. Алдағы уақытта бұл жоба барлық мектептерде кезең-кезеңімен іске асырылмақ. Соның бірі — №8 мектепте орнатылған құрылғы. Төтенше жағдай туындаған сәтте оқушылар батырманы басу арқылы полициямен тікелей байланысқа шығып, жедел көмек шақыра алады. Кезекші полицейлер дабылды бірден қабылдап, оқиға орнына жедел жетеді.

Полиция департаментінің қызметкерлері соңғы бір жарым жылдан бері «Кибер-Шериф» мобильді кешенін белсенді қолданып келеді. Бұл жүйе жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тиімді құралға айналды.

СНХ: САЯТ ДҮЙСЕНБИН, СҚО ПД ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ВЗВОД КОМАНДИРІ

Бет-әлпетті тану арқылы жұмыс істейтін жасанды интеллект жүйелері қылмыскерлерді анықтауға көмектессе, мектептерде енгізілген арнайы жүйелер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Цифрландыру – тек тиімділік пен жылдамдық қана емес, сонымен қатар қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді байланыстың негізі.