Солтүстік Қазақстан облысында алимент төлемей жүрген азаматтар әлі де бар. Былтыр жеке сот орындаушыларының қарауында балаларға алимент өндіруге қатысты 8 925 іс болған. Соның 500-ден астамы шешімін таппай отыр. Бұл істер бойынша жиналған қарыздың жалпы көлемі 500 миллион теңгеден асады.
Алимент бойынша қарызды азайту үшін жеке сот орындаушылары тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Олар қарызын төлемей жүргендердің жасырын табыстарын анықтайды, заң бойынша мәжбүрлеу шараларын қолданады және алимент төлемегені үшін жауапкершілік бар екенін түсіндіреді. Мұндай жұмыс жеке сот орындаушысы Эльвира Хуснутдинованың іс-тәжірибесінде де бар.
СНХ: ЭЛЬВИРА ХУСНУТДИНОВА, ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫ
Жұмыс барысында мамандар борышкердің кәсіпкерлік қызметтен табыс табатынын анықтады. Қаржылық мәліметтер нақтылағаннан кейін қарыз сомасы есептеліп, заңға сәйкес тиісті іс-шаралар қабылданды.
СНХ: ЭЛЬВИРА ХУСНУТДИНОВА, ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫ
Сот орындаушылары жеке кәсіпкерлердің алиментті уақтылы әрі толық төлеуі, табысын жасырмауы және заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салады.