Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионында спорттық акробатика мен батут гимнастикасынан халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарыс Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Анатолий Ямпольскийдің рухына арналған. Жарысқа еліміздің облыстарынан, Өзбекстан және Ресей елдерінен келген 200-ге жуық спортшы қатысуда. 

Аталған халықаралық турнир Петропавл қаласында 12-рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс жеке есепте өткізіліп, спортшылар жас ерекшеліктері бойынша сынға түсуде. Бағдарламаға спорттық акробатика мен батут гимнастикасы түрлері енгізілген. Онда ерлер, әйелдер және аралас жұптар арасында барлығы бес бағыт қамтылған.

СНХР: АНДРЕЙ ЯМПОЛЬСКИЙ , ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ

Сайысқа еліміздің 12 қаласынан, сондай-ақ көршілес мемлекеттерден келген үздік спортшылар қатысуда. Мұндай халықаралық турнирлер елдер арасындағы тәжірибе алмасуға және спорттың дамуына зор үлес қосады.

СНХР: САЛТАНАТ БИСИНҒАЛИЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ, №1 ОРБЖСМ -НІҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Жарысқа 7 жастан 20 жасқа дейінгі спортшылар қатысып жатыр. Айта кеткен жөн, қатысушылар бұл турнирге жылдар бойы арнайы дайындалып, өз шеберліктерін көрсетіп, жеңімпаз болуға ниетті.

СНХР: ӘЛТАЙЫР ШАМҰРАТ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ

Халықаралық турнир үш күнге жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған спортшылар медальдармен және грамоталармен марапатталады.