2026 жылдың қаңтарында Петропавлда халықаралық деңгейдегі жасөспірімдер теннисі ұйымдастырылмақ. Әмбебап теннис орталығының корттарында Tennis Europe Junior Tour сериясы аясында 14 және 16 жасқа дейінгі спортшылар арасында бірден екі беделді турнир өтеді. Қаңтардың 10–16 аралығында өтетін жарыста 14 жасқа дейінгі спортшылар бақ таластыратын болады.

Іріктеу кездесулері 10–11 қаңтар күндері өтті. Ал негізгі кезең ойындары 12 және 16 қаңтар аралығында өткізіледі. Матчтар күн сайын шамамен таңғы 09:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жоспарланған.

СНХР: ЖАСҰЛАН САРТАЕВ — ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕННИС ТУРНИРІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ

Турнирге Қазақстан, Ресей және Өзбекстан теннисшілері қатысады. Жалпы қатысушлар саны 64. Жаттықтырушы Ахмад Арманның айтуынша, қазақстандық спортшылар бұл жарысқа 3–4 жыл бойы дайындалған және бұл еліміз үшін үлкен тәжірибе.

СНХР: АХМАД АРМАН, ТЕННИС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Петропавл қаласының намысын үш спортшы қорғайды. Солардың бірі — Камила Біләлова. Ол теннис спортымен 7 жылдан бері айналысып келеді және жарыстардан жақсы нәтиже күтеді.

СНХР: КАМИЛА БІЛӘЛОВА — ТУРНИР ҚАТЫСУШЫСЫ

Теннис бағдарламасы бойынша 17–23 қаңтар аралығында 16 жасқа дейінгі аралықтағы жасөспірімдер турнирі өтеді. Бұл санатта да үш елден 64 спортшы бақ сынайды. Аталған категория бойынша ойындар 19–23 қаңтар аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын жас спортшыларды қолдауға және жоғары деңгейдегі тартысты кездесулерді тамашалауға шақырады