«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында аңшылар мен балықшыларға арналған профилактикалық акция өтті. Іс-шараны СҚО прокуратурасы мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасымен және өңірдің атқарушы органдарымен бірлесіп, қоғамда құқық пен тәртіп идеологиясын ілгерілету мақсатында ұйымдастырды.
Акция аясында өңірдің су айдындары мен аңшылық алқаптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аңшылық пен балық аулаудың заңдылығы, браконьерлікке жол бермеу, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне басты назар аударылды.
СНХ: АЛМАС АСАИНОВ, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ
Акцияға аңшылар мен балықшылар, аңшылық шаруашылықтарының мамандары, су айдындарын жалға алушылар, сондай-ақ ауылдық және қала маңындағы елді мекендердің тұрғындары қатысты. Облыс аумағында 50-ден астам профилактикалық рейд жүргізіліп, 70-тен астам су айдыны мен 20 аңшылық алқап қамтылды.
СНХР: МҰСЫРМАН ЖАЙНАРОВ, БАЛЫҚШЫ
Профилактикалық іс-шаралармен барлығы мыңнан астам азамат қамтылды. Қатысушыларға аң аулау мен балық аулаудың белгіленген қағидалары, қысқы мезгілдегі қауіпсіздік талаптары және қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.