Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында сүт өндірумен 118-ден астам агроқұрылым айналысады, оның ішінде 50 заманауи тауарлы сүт фермасы. «СҚО тәжірибесін тарату» бағдарламасын іске асыру аясында 2023–2024 жылдары республикалық бюджеттен 28 жобаға 23 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 23 жоба тауарлы сүт фермаларына тиесілі, ондағы жалпы мал басы 14 мыңды құрайды және жылдық өндірістік қуаты 73 мың тонна сүт.

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданында 1 200 басқа арналған «Буденное-СК» ЖШС тауарлы сүт фермасының құрылысы 2025 жылдың тамыз айында толық аяқталды. Фермада жасанды интеллект элементтері мен табынды басқарудың автоматтандырылған жүйелері енгізілген.

СНХР: ТАЛҒАТ НАУРЫЗБАЕВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ферманы жоғары өнімді асыл тұқымды малмен толықтыру мақсатында биыл Германиядан әуе рейстері арқылы 660 бас асыл тұқымды тайшаларды төрт кезеңмен әкелу жоспарланған. Бүгінгі таңда алғашқы 165 бас голштин асыл тұқымды малдар жеткізілді. Қалғаны наурыз айының соңына дейін әкелінетін болады.

СНХР: ОЛЕГ КОЛОДЬКО, «БУДЕННОЕ-СК» ТАУАРЛЫ СҮТ КЕШЕНІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Жалпы облыс бойынша 2025 жылы Еуропа елдерінен, Украинадан және Ресей Федерациясынан жоғары генетикалық әлеуеті бар 2298 бас тайша әкелінді. Облыс бойынша ірі қара мал саны 284,3 мың басты құрайды, оның ішінде 61,4 мың бас асыл тұқымды. Оның 33 мың басы сүтті бағыттағы асыл тұқымды малдар. Соңғы 3 жылда сүт өндірісі 15 % өсті.