Биыл СҚО облысының құрылғанына 90 жыл. Осы мерейлі датаға орай Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде дөңгелек үстел өтті. Іс-шара халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, әртүрлі елдерден спикерлер онлайн форматта қатысты.
1936 жылдың 29 шілдесінде Қарағанды облысы екіге бөлініп, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары құрылды. Жаңа өңірдің алғашқы басшысы болып аймақтың қалыптасуына зор үлес қосқан Максим Аммосов тағайындалды. Облыс орталығы Петропавл қаласы деген шешім шығарылды. Архив қорында солтүстік өңірдің даму тарихынан сыр шертетін бірегей құжаттар сақтаулы.
СНХР: СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Дөңгелек үстелге қатысушылар соғыс жылдары, күштеп қоныс аудару, тың және тыңайған жерлерді игеру, археологиялық олжалар сияқты маңызды тарихи оқиғалар мен құжаттар жинақтарын талқылады.
СНХР: МЕРУЕРТ ҚИЯСБЕК, Ә.МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ
Сондай-ақ жиналған жұртшылыққа арнайы көрме ұсынылды. Онда облыстың құрылуы жайлы Мәскеуден алынған тарихи құжаттармен қатар, 1966 жылы ауыл шаруашылығындағы жетістіктері үшін берілген Солтүстік Қазақстан облысының "Құрмет белгісі" орденінің түпнұсқасы алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды.