Мемлекет басшысы 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылы деп жариялаған болатын. Президент тапсырмасын орындау мақсатында облыс аудандарында айти орталықтар ашылып жатыр. Өңірімізде Тимирязев ауданында Creative IT Center Timiryazevo салтанатты түрде ашылуы өтті. Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы елімізде алғаш болып аудандық IT-орталықтар құруға бағытталған ауқымды жобаны іске қосты. Бұл – өңірдегі 7-ші алаң. Наурыз айына дейін жоба барлық аудан орталықтарында жүзеге асырылады.

Заманауи жоба – Тимирязево Digital & Creative орталығы Солтүстік Қазақстан облысындағы цифрлық және креативті кеңістіктердің өңірлік желісінің бір бөлігіне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялаған болатын сондай-ақ «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында да цифрландыруды ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының бірі ретінде атап өтті. Президент атап өткендей, жаңа технологияларды игеру мен цифрлық сауаттылықты арттыру – тұрақты даму мен сапалы адам капиталын қалыптастырудың негізгі тетігі.

СНХ: ЕРЛАН ЖАРОВ - ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Даниил Степаненко – ауыл мектептерінің оқушыларына арналған білім беру платформасының негізін қалаушы. Айти-орталық жас әзірлеушінің қосымшасын жетілдіруге мүмкіндік беріп, жаңа жобалар жасауға шабыт сыйлайды.

СНХ: ДАНИИЛ СТЕПАНЕНКО - 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫ

СНХ:НҰРСАЯ РЫСДАУЛЕТ - 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

АйТи-орталық құрамына цифрлық оқытуға арналған заманауи құралдармен жабдықталған арнайы аймақ пен коворкинг – яғни топпен жұмыс істеуге, жобалық және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға арналған кеңістік кіреді. Бұл заманауи алаң тек жастарға ғана емес, сонымен қатар жаңашылдыққа ұмтылатын ересек буынға да өз мүмкіндіктерін ашуға жайлы орта. Зейнет жасына шыққан Ақайша Шаяхметова қолөнерге деген қызығушылығын қайта жандандырып, бос уақытын пайдаға асыруды жөн көрген. Ол жасаған бұйымдарын әлеуметтік желі арқылы көпшілікке ұсынғысы келеді.

СНХ: АҚАЙША ШАЯХМЕТОВА ТИМИРЯЗЕВ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ

Орталықтың техникалық жабдықталуына ерекше көңіл бөлінген, заманауи компьютерлер, интерактивті панель, робототехника мен 3D-баспаға арналған құрылғылар арқылы оқушылар тек технологияны меңгеріп қана қоймай, оны аудан игілігі үшін практикада қолдануға мүмкіндік алады.

СНХ: РУСЛАН ӘЛІШЕВ, СҚО ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Тимирязев ауданының тұрғындары үшін бұл жай ғана IT-орталық емес. Бұл — жаңа цифрлық әлемде өздігінен әрекет етуге зор мүмкіндік.