2025 жылы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаетвің Жарлығымен азаматтардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының "Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы" Заңы қабылданды. Осыған орай, Петропавлда облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Жиында жаңа заңның жүзеге асырылу мәселелері талқыланды.

Жаңа Заң құқықтық тәртіпті және азаматтардың өмір сүруін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды күшейтуге бағытталған. Бұл заң профилактика субъектісі, мүліктің меншік иесі, бірлестік басшыларын, кәсіпкерлердің және басқа да азаматтардың құқығы мен рөлін нақты айқындайды.

СНХ: АЛЕКСАНДР РОЗБАХ, СҚО ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Құжатта құқық бұзушылықтың алдын алуға тек мемлекеттік органдар ғана емес, қарапайым азаматтар мен қоғамдық ұйымдар да белсенді қатысуы керек екені айтылған. Солайша, кез - келген заңсыз әрекетке, оның ішінде ғаламтор мен цифрлық платформалар арқылы жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы көзқарас қалыптасады.

СНХ: ЗӘКІРЖАН МАМЛЮТОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Бұл Заңда алғаш рет «антиәлеуметтік мінез-құлық» деген ұғым енгізілді. Ол қоғамда қабылданған тәртіпке сәйкес келмейтін әрекеттерді білдіреді. Алайда мұндай әрекет жасағаны үшін адам бірден жазаланбайды. Жауапкершілік тек сол іс ұсақ бұзақылыққа немесе басқа нақты құқық бұзушылыққа жатса ғана қолданылады. Егер заң бұзылғаны дәлелденбесе, айыппұл да, басқа да жаза қолданылмайды.

СНХ: МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының "Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы" Заңы 2026 жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енеді.