Бүгін Сенатта депутаттардың өңірлерге сапарлары қорытындыланды. Жұмыс сапары барысында депутаттар мемлекет басшының «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтылған бастамаларды талқылап, Парламент қабылдаған заңдарды жан-жақты түсіндірген. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың сөзінше жалпы, өңірлерде ауқымды, белсенді жұмыс жүргізілді. Облыстар мен ауылдардағы өзекті проблемалар көтеріліп, оларға баса мән берілді.