Қаламыздың тұрғыны жайлы, барлық жағдайы жасалған пәтер мен жоғары табысты, беделді қызметін артқа тастап, ауыл өмірін таңдады. Ол тыныш та табиғи ауылтіршілігін, жан-жануарлар мен құстарға деген махаббатын бәрінен биік қойды. Қаладағы қарбалас өмірдің орнына ауылдың таза ауасы мен шынайы еңбегін таңдаған кейіпкер бүгінде сүйікті ісімен айналысып, төрттүлік пен түрлі құстарды бағып, табиғатпен етене өмір сүріп келеді.
Бірнеше жыл бұрын Ирина Фишбух табысты кәсіпкер еді — ірі мәдени-спорттық кешенді басқарды. Алайда өмір жолы оны мүлде басқа бағытқа жетеледі. Қазір ол бес жылдан бері жануарларды күтіп-баптаумен айналысады. Оның шаруашылығынан өңірімізде сирек кездесетін ерекше жануарларды көруге болады
СНХР: ИРИНА ФИШБУХ, КӘСІПКЕР
Бұдан бөлек, шаруашылықта қоянның асыл тұқымды түрлері өсіріледі. Олардың қатарында «огнёвка», «бургундия», «ақалып» секілділері бар. Айта кету керек, кейбірі суыққа төзімді болса, енді бірі керісінше тоңғақ келеді. Мәселен, «француз қойқұлақ қояны» деп аталып кеткен бұл тұқым қояндар суыққа төзбейді.
СНХР: ИРИНА ФИШБУХ, КӘСІПКЕР
Кейіпкеріміздің ауласында сирек кездесетін құстар да аз емес. Мұнда маньчжур бөденелері, селадон тұқымындағы құстар, француз марандары мен жүнаяқты бентамкалар секілді ондаған тауық түрі өсірілуде. қытайдың жібек тауықтары тіпті ерекше.
СНХР: ИРИНА ФИШБУХ, КӘСІПКЕР
Иринаның шағын фермасы Ворон атты пониден бастап, Герда деген итке дейінгі әртүрлі жануарға толы. Кәсіп иесі олар адамға сабырлылық сыйлайды деп сенеді. Кейіпкеріміз енді шаруашылығын кеңейтуді жоспарлап отыр.