2025-2026 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дің 41 735 жағдайы тіркелді, өткен маусымның ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 7,1%-ға төмендеуі байқалады. Науқастардың көбі – 14 жасқа дейінгі балалар. Соңғы аптада ЖРВИ-дің 1 088 жағдайы тіркелді, алдыңғы аптамен салыстырғанда 33%-ға төмендеу байқалды. 2025-2026 эпидемиологиялық маусымда A/H3N2 типті тұмаудың 207 жағдайы тіркелді. Бірінші жағдай 2025 жылдың 7 қарашасында анықталды.
ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі. ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет, дәрігерді үйге шақыру керек, ауруды таратпас үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынулар тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қауіптісі – өкпенің қабынуы. ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін: үй-жайды күн сайын желдетіп, қолды мұқият жуу, антисептик құралдарды пайдалану, адамдар көп жиналатын іс-шаралардан бас тарту не бетперде тағу, иммунитетті нығайту, спортпен шұғылдану және уақытында ұйықтап, тамақтану сапасын бақылау қажет дейді мамандар.