Петропавл қаласында тұрғындарды қолжетімді бағада сапалы отандық өніммен қамтамасыз ету мақсатында «Алтын Арман» «Қызылжар–Ақбастау» және «Дария» базарларында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған облыстың ауыл шаруашылық өндірушілері қатысып, қала тұрғындарына кең көлемде азық-түлік өнімдерін ұсынды.

Аталған жәрмеңкеде облыс аудандарынан жеткізілген өнімдердің 25 түрі ұсынылды. Оның ішінде ет өнімдері, сүт өнімдері, көкөністер, бал және өзге де азық-түлік түрлері бар. Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дәурен Тоқужиновтың айтуынша, өнім бағалары нарықтағы деңгейден 10-15 пайызға төмен сатылып, өткен жылғы бағалар деңгейінде сақталды.

СНХР: ДӘУРЕН ТОҚУЖИНОВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Алтын арман» базарында өткізілген жәрмеңкеге Айыртау, Тайынша және Шал ақын аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Сондай-ақ, мұндай форматтағы сауда-саттық қаламыздағы «Қызылжар–Ақбастау» және «Дария» базарларында да ұйымдастырылды. Бұл шаруашылықтарға өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуға жол ашса, тұрғындарға азық-түлікті тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді.

СНХР: АСАН ӘМІРЕНОВ, ТАЙЫНША АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Айта кетейік, жыл басынан бері қала бойынша базарларда 3 жәрмеңке өткізіліп, жалпы сатылған өнімнің құны – 7,7 млн теңгені құрады. Бұл жергілікті өндірушілерді қолдауға және халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған.