Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес өкілеттік мерзімінің аяқталуына, сондай-ақ әкімдердің өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты 2026 жылғы 15 ақпанда Айыртау, Ақжар, Аққайың, Есіл, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Тайынша, Тимирязев және Шал ақын аудандарындағы ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауы өтетіндігін хабарлайды. Әкімдердің сайлауы 19 ауылдық округте өтеді.