Өңірде ауа райының күрт нашарлауы, қатты аяз, боран және қар жаууы күтілуде. Полиция қызметкерлері тұрғындардан қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Азаматтарға көмек көрсету үшін облыстық және қалалық патрульдік полиция, сондай-ақ аудандардағы учаскелік инспекторлар жұмылдырылған. Жүргізушілерге 112 қызметінен келетін хабарламаларды қадағалап, ауа райы нашарлаған жағдайда - елді мекендер арасындағы жолдар мен ұзақ сапарларға тек шұғыл қажеттілік болғанда ғана шығу ұсынылады.