11 қаңтарда М. Жұмабаев ауданының Майбалық ауылында жеке тұрғын үйде өрт тіркелді. 101 қызметіне хабар түскен соң құтқарушылар дереу оқиға орнына аттанды. Алайда, олар жеткен сәтте баспана түгелдей отқа оранып, құлаған.
Үй иесінің айтуынша, өрт кезінде үйде жұбайы мен екі кәмелетке толмаған бала болған. Сөндіру барысында бір ересек адам мен бір баланың мәйіті табылды, тағы бір баланы іздеу жалғасуда. Қызыл жалын 64 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Отты алауыздықтауға ТЖД-ның жеке құрамынан 24 қызметкер мен 6 бірлік техника, сондай-ақ «Агрофирма» ЖШС-нің ерікті өртке қарсы құрылымы қатысты.
СНХ: ӘДІЛ СПАЕН, СҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ