Өңірде жалған мемлекеттік нөмірмен көлік басқарғаны үшін төрт жүргізуші 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Олардың екеуі шетел азаматтары.
Үш күн ішінде өңір жолдарында мемлекеттік нөмірі оқылмайтын 105 автокөлік, сондай-ақ мемлекеттік нөмірі жоқ немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген нөмірі бар 28 автокөлік анықталды. Олардың қатарында айналма жолда квадроциклді басқару кезінде тоқтатылған 60 жастағы петропавлдық та бар. Оның көлік құралы тіркеуде болмаған. Заңнамаға сәйкес, бұл құқықбұзушылық үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.
СНХР: Саят Дүйсенбин — Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны взводының командирі
Көрінеу жалған мемлекеттік нөмірмен көлік басқарғаны үшін төрт жүргізуші 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Олардың екеуі — Ресей Федерациясының Түмен облысының тұрғындары. Полицейлер оларды «Жезқазған — Петропавл» автожолында тоқтатты. 27 жастағысы «Land Rover» автокөлігін, ал 33 жастағысы «Mercedes Benz» маркалы автокөлікті басқарған. Сонымен қатар үш күн ішінде 155 жүргізуші көлік басқару кезінде ұялы телефон қолданғаны үшін, 202 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Петропавл қаласының аумағында мұндай құқықбұзушылықтардың 37-сі және 46-сы тіркелді, қалғандары автожолдарда анықталған. Бұдан бөлек, 6 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұсталды.
СНХР: Саят Дүйсенбин — Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны взводының командирі
Жыл басынан бері облыста 7 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 6 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды. Адам өлімімен аяқталған жол апаттарының басым бөлігі елді мекендерден тыс автожолдарда орын алады.