Облыста саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Президенттің тапсырмасына орай, арнайы құрылған өңірлік комиссия соңғы бес жылдан бері архив деректерін ақтарып, ауқымды іс атқарды. Алайда жазықсыз қудаланған мыңдаған азаматтың тағдыры әлі де зерттеуді қажет етеді.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікованың айтуынша, бүгінгі күні комиссияға 13 мыңнан астам ақталмаған адамның тізімі тапсырылған. Олардың басым бөлігі бірінші санатқа жатқызылған, яғни кеңестік билік кезінде «ірі бай» ретінде қудаланған азаматтар. Сонымен қатар әскери тұтқындарға қатысты да әлі толық зерттелмеген. Бүгінде шамамен 5 мыңға жуық жерлесіміздің есімі анықталды. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, тұтқынға түскені, тұтқында ауыр азап көргені, сол жақта қаза тапқаны немесе елге оралған соң қайтадан қудаланғаны жөнінде нақты деректер жинақталып жатыр.

Зерттеу барысында Алаш қозғалысының белгісіз болып келген көптеген өкілінің есімі анықталған. Жалпы, бүгінге дейін ақталғандардың 2352-сі ату жазасына кесілгендер санатына жатады.

СНХ: СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ