ҚР Ұлттық ұланы Академиясының жедел өнер және моральдық-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасы «қазіргі ғылым және әскери білім: жедел өнер, офицерлердің кәсіби құзыреттілігі және әскери оқытудағы инновациялар» тақырыбында 3-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Іс-шара ҚР Ұлттық ұланының құрылған күніне арналған.
ҚР Ұлттық ұланы Академиясының жедел өнер және моральдық-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасы Академияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысының 2022 жылғы 24 маусымдағы №27 бұйрығымен құрылған. Аталмыш кафедра жыл сайын халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырады. Барлық қатысушылар үшін іс-шараға қатысу мен материалдарды жариялау тегін.
СНХ: МҰРАТ ШАПАШЕВ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫ ЖЕДЕЛ ӨНЕР ЖӘНЕ МОРАЛЬДЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КАФЕДРАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Нұртілек Ғалымжанов ҰҰ академиясының 2-ші курс магистранты. Ғылыми конференцияларға үнемі қатысып, өз жобаларын ұсынып келеді. Бүгінгі жобасында экономикалық қауіпсіздік, ведомствоаралық өзара әрекеттестік, сондай-ақ инновациялық технологиялар мен Мемлекет басшысының жолдауында айтылған жасанды интеллектті енгізу мәселелерін талқылады.
СНХ: НҰРТІЛЕК ҒАЛЫМЖАНОВ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2 КУРС МАГИСТРАНТЫ:
Конференцияға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Өзбекстан Республикасынан ғалымдары онлайн қатысты. Конференция қорытындысы бойынша электронды ғылыми жинақ дайындалып, Ұлттық ұлан академиясының ресми сайтында жарияланады.