Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбаты ел дамуының негізгі бағыттарын қамтыған мазмұнды талдау ретінде ұсынылды. Президент өткен кезеңдегі өзгерістерге тоқталып, алдағы уақытқа арналған басымдықтарды айқындады. Сұхбатта қоғамды нығайтуға, білім мен адам капиталына және бірлікке негізделген мемлекеттік саясаттың өзегі көрсетіліп, билік пен азаматтар арасындағы ашық диалогтың маңыздылығына да ерекше мән берілді.
Президент өз сұхбатында жастарды тәрбиелеу, еңбекке құрмет пен білімнің рөлін күшейту - мемлекеттің ұзақмерзімді дамуының басты негізі екенін айтты. Сонымен қатар, елдегі тұрақтылық пен келісім әртүрлі этностар мен мәдениеттер арасындағы өзара сыйластық арқылы қамтамасыз етілетініне назар аударды. Мемлекет басшысы атап өткендей, қоғамдағы сенім мен жауапкершілік билік пен халық арасындағы байланыстарды нығайту Қазақстанның біртұтас дамуына жол ашатын басты құндылықтар.
СНХР: ЛӘЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ